Астанада «BI Group» компаниясының құрылыс алаңында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы туралы кездесу өтті. Іс‑шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Кездесуге «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ‑і басшысының орынбасары Дамир Мейрамұлы Абдуалиев төрағалық етті. Сонымен қатар Жалпыұлттық коалиция мүшесі Қасым Амангелдіұлы Дандағариев қатысты.
Қасым Амангелдіұлы Дандағариев өз сөзінде:
«Бүгін біз осы құрылыс компаниясына түсіндірме жұмыстар жүргіздік. Қабылданғалы отырған жаңа Конституция бойынша баптар, қандай баптар жалпы, қандай өзгерістер енгізіліп жатқандығы туралы қысқаша мағлұмат бердік. Құрылысшылар тарапынан да ізгі ниеттер болды. 15 наурыз күні барлық азаматтарды Жаңа Конституцияға дауыс беруге шақырамыз. Бұл ел бірлігі, ұлт бірлігі», — деді.
2026 жылғы 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізіледі. Азаматтар «Жаңа Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген сауалға өз таңдауын жасайды.