Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында мерт болды

Бүгін таңертең Жамбыл облысындағы Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды. Рөлде көзі ілініп кеткен жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жүргізуші кабинадан ұшып кетіп, өз көлігінің астында мерт болды
фото: видеодан скриншот

Бүгін таңғы сағат 7:45 шамасында Қордай асуының етегінде ауыр жол апаты болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" көлігінің жүргізушісі рөлде көзі ілініп кетіп, жол жиегінде тұрған КамАЗға соғылған.

Қатты соққы салдарынан жүргізуші алдыңғы әйнек арқылы ұшып кетіп, өз көлігінің астына түскен.

Өкінішке қарай, ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр