Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мысырда халықаралық іздеуде болған қазақстандық азамат ұсталды

Мысырда халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мысырда халықаралық іздеуде болған қазақстандық азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Ол Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша ұсталып, криминалдық полиция қызметкерлері арқылы Шымкентке жеткізілді.

Көлік алаяқтығы: 1,5 млрд теңге шығын келген Тергеу деректеріне сүйенсек, 2023 жылы күдікті бір топ адаммен сөз байласып, өзгенің атына автокөлікті несиеге рәсімдеген. Кейін ол көліктер үшінші тұлғаларға қайта сатылған. Бұл алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтар полицияға 105 өтініш қалдырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асқан.

Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды Күдіктіге қатысты келесі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды: ҚР ҚК 190-бап, 4-бөлік – аса ірі көлемдегі алаяқтық; ҚР ҚК 262-бап, 1-бөлік – қылмыстық топ құру және оған жетекшілік ету, не оған қатысу; ҚР ҚК 217-бап, 1-бөлік – қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.