Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 04.12.2025 15:03 Обновлять, 04.12.2025 16:16

Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кеткен

Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік қылмыс болды. Риддерде жас жұбайларды өлтіріп кеткен, деп хабарлайды paryz.kz.

Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кеткен
Фото: istockphoto.com

Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс ШҚО полиция департаментінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.