Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді, деп хабарлайды paryz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр жиырма жылдан кейін облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтті.
2022 жылы 15 маусымда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай құру туралы жарлығы жарияланды. Ұлттық құрылтайдың құрамында Мәжіліс депутаттары мен ҚХА мүшелері, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдері, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер бар.