Прямая трансляция

Астана

Астана

20.65°C

Тоқаев Король ІІІ Чарльзге құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады.

Тоқаев Король ІІІ Чарльзге құттықтау жолдады
Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.