Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтөбеде Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмысшысы қаза тапты

Жұмысшы вагондарды тіркеу кезінде жарақат алды. Оны Хромтау аудандық ауруханасына жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтөбеде Дөң тау-кен байыту комбинатының шахтасында жұмысшысы қаза тапты
Фото: pixabay

Оқиға бүгін болды. ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясы Дөң тау-кен байыту комбинатының хабарлауынша, Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада вагондарды тіркеу жұмыстары жүрген. Сол кезде тау-кен жұмысшысы жарақат алды. Зардап шеккен қызметкер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

— Дәрігерлер қолдан келген барлық шараны жасағанымен, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Компания қаза болған қызметкерлердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетеді. Оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады Дөң тау-кен байыту комбинаты ресми парақша арқылы.

Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы департаменті ақпарат түскенін, комиссия құрылатынын мәлімдеді.