9 қазанда Владимир Путин мен Ильхам Әлиев Душанбеде кездесті. Бұл президенттердің өткен жылы әзербайжандық ұшақ апатынан кейінгі алғашқы жүзбе-жүз кездесуі, деп хабарлайды Paryz.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей президентінің айтуына қарағанда, тергеу аяқталуға жақын және апаттың бірнеше себебі белгілі болған.
"Бірінші себебі Ресей шекарасынан өткен үш украиналық дрон. Екінші себеп — Ресейдің Әуе қорғанысы жүйесіндегі техникалық ақаулар. Ал ұшырылған екі зымыран лайнерге тікелей соққы жасаған жоқ. Олай болған жағдайда ұшақ сол сәтте жерге құлап, жарылатын еді. Бәлкім шамамен 10 метр жерде өзін өзі жою әрекеті іске қосылған. Зымырандардың сынықтары ұшаққа тиген. Сондықтан ұшқыш мұны құстармен соқтығысу ретінде қабылдады. Ол ресейлік диспетчерлерге осылай деді және мұның бәрі "қара жәшіктерде" жазылған", - дейді Владимир Путин.