Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

АҚШ-та 14 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Глостер округінде 2 шілде күні әуе апаты болды. Бортында кемінде 14 адам болған жеңіл моторлы ұшақ Уильямстаун қаласының әуежайы маңында құлады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

АҚШ-та 14 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады
Фото: Global Look Press/Markus Mainka

FireHouse басылымының мәліметінше, кемінде бес адам жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Олардың жағдайы туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Оқиға Астана уақытымен шамамен 18:30-да болған.

Апаттың мән-жайы мен себептері нақтыланып жатыр.