Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Ресейдің Атыраумен шекаралас Астрахань облысында салмағы 78 келі қарбыз өсірілді

Ресей Фдерациясының Атырау облысымен шекаралас Астрахань өңірінде салмағы 78 келі тартатын алып қарбыз өсірілді.

Ресейдің Атыраумен шекаралас Астрахань облысында салмағы 78 келі қарбыз өсірілді
Фото: КаспийИнфо

Астрахань облысы губернаторы баспасөз қызметінің мәліметінше, алып қарбыз Камил Мамедов өзі жетекшілік ететін шаруашылықта өсірген. Шаруагер Енотаев ауданында тұрады.

«Астрахань облысында өткен агрофестивальге 200-ден астам шаруашылық қатысып, қарбыз, қауын секілді бақша дақылдарын, өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін көріп, дәм татуға 12 мың адам келді. Қазылар алқасы 6 номинациямен ең дәмді, ең сапалы қарбыз бен қауын өсірушілерді анықтады. Биыл Енотаев ауданында тұратын Камил Мамедов өзінің шаруашылығында ең алып қарбызды өсіріп шығарды. «Каролина кросс» сортты қарбыздың салмағы – 78 келі», - деп хабарлады губернатордың баспасөз қызметі.