Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Соңғы секундтарда жеңіліп қалған Мейрамбек Картбай көз жасына ерік берді

Қазақстандық балуан Мейрамбек Картбай Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Соңғы секундтарда жеңіліп қалған Мейрамбек Картбай көз жасына ерік берді
Фото: видиодан скриншот

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Мунх-Эрдэнэ Батхуягпен кездесіп, 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, белдесудің аяқталуына санаулы секунд қалғанда Мейрамбек Картбай 8:6 есебімен алда тұрған еді. Алайда соңғы сәтте қарсыласы есепті өзгертіп, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, моңғолиялық балуан қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алса, қазақстандық спортшы әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.

Белдесуден кейін жеңілісті ауыр қабылдаған Мейрамбек Картбай көз жасына ерік берді.