Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Асыл Айтақын еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасының балуаны Асыл Айтақын Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Асыл Айтақын еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда Германия өкілі Хорст Лерден басым түсті. Белдесу 8:1 есебімен Айтақынның пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 30 қазанда өтеді. Кездесулер сағат 16:30-да басталады. Бұған дейін Санжар Досжанов (70 келіге дейін) пен Болат Сақаев (86 келіге дейін) жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылған еді.