Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Зарина Толыбай бокстан әлем чемпионы атанды

Зарина Толыбай U19 санатында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы.

Зарина Толыбай бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.

Аса ауыр салмақтағы Зарина Толыбай шешуші кезеңде Самира Итониевамен (Ресей) айқас өткізіп, 4:1 есебімен басым түсті. Заринаның финалға дейінгі жолы:

1/4 финал. Френцис Таафаки (Тувалу) - 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

1/2 финал. Мирей Догру (Түркия) - 5:0

Айта кетейік, отандасымыз шілде айында ғана Джакартада (Индонезия) өткен U19 Азия чемпионатында топ жарған болатын.