Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Жеті қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымдастыруымен бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Жеті қазақстандық боксшы әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: ҰОК

1/8 финалдың қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының жеті өкілі ширек финалға жолдама алды.

Әділ Асқанбай (50 келі), Айдос Үсенов (55 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Ақжүрек Қалабай (65 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі), Владислав Саможонов (+90 келі) жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 27 қазанға дейін жалғасады.