Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті.

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Жапония өкілі Йошиносукэ Аоягимен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық еркін күрес шебері қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына шықты. Алтын медаль үшін өтетін белдесуде оның қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болмақ.

Финалдық белдесу ертең, 1 қарашада өтеді. Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы әлем біріншілігіндегі алғашқы финал.