Қазақстандық пара жүзуші Диас Кенжебек Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды paryz.kz.
Ол 100 метрге шалқалап жүзуде Азия рекордын жаңартып, жарыс чемпионы атанды. 20 қазанда ерлер арасында S10 санатында өткен финалда Диас Кенжебек қашықтықты 1 минут 1,98 секундта жүзіп өтті.
Осылайша, ол Азияның бұрынғы 1 минут 3,73 секундтық рекордын жаңартты. Екінші орынды Жапония өкілі Акито Мина 1 минут 5,13 секунд нәтижесімен иеленсе, оның отандасы Юмето Идо 1 минут 7,64 секунд көрсеткішімен үшінші орынға тұрақтады.
Бұл – Қазақстан құрамасының V Азия Пара ойындарындағы бесінші алтын медалі.