Прямая трансляция

Астана

Астана

3°C

Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Мерей Базарбаев еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды paryz.kz.

Мерей Базарбаев еркін күрестен әлем чемпионы атанды
Фото: ҰОК

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен соңғы жүлделер сарапқа салынды. Қазақстан командасының спортшысы Мерей Базарбаев 57 кг дейінгі салмақтың финалында түркиялық Бекир Кесермен белдесіп, 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Мерей еркін күрестен командаға жалғыз медальді сыйлады. Мерей әлем чемпионатындағы жарыс жолында 1/8 айналымда АҚШ өкілі Люк Лилледальді 3:1 есебімен, ширек финалда франциялық Расул Галбораевты 13:2 есебімен, ал жартылай финалда жапониялық Даито Катсумені 7:0 есебімен жеңді.

Жалпы Мерей Базарбаев осы жас санатында еркін күрестен әлем чемпионы атанған екінші қазақ балуаны. Қазақстанға алғашқы алтынды 2024 жылы Албания астанасында Ризабек Айтмұхан (-97 кг) алып берген. Биылғы Лас-Вегастағы бәсекеде ұлттық құрама грек-рим күресінен екі алтын, бір күміс, екі қола, еркін күрестен бір алтын және әйелдер күресінен бір қола – барлығы 7 жүлде жеңіп алды.