Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Балуан Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Балуан Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті.

Тартысты белдесу 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.