Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

Ұлттық құрама Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында өнер көрсетті.

Аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.