Әлем біріншілігінің финалында Аргентинамен ойнаған Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды
Нью-Джерсидегі MetLife Stadium аренасында өткен финалда Испания мен Аргентина негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады.
Кездесу қосымша уақытқа ұласып, 106-минутта шабуылшы Ферран Торрес есеп ашып, өз командасына жеңіс сыйлады.
Матч соңына қарай Аргентина құрамасы он ойыншымен қалды. Энцо Фернандес екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған испаниялықтар соңғы минуттарға дейін басымдықтарын сақтап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Испания өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Ал Лионель Месси капитандық еткен Аргентина құрамасы турнирді күміс жүлдемен аяқтады.