Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Шавкат Рахмоновтың командасы спортшы жарақатынан кейін оралғанын хабарлады

Құрамында Қазақстанның аралас жекпе-жектегі ең танымал өкілі Шавкат Рахмонов бар Dar Team командасы оның жаттығуға оралғаны туралы хабардар етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Шавкат Рахмоновтың командасы спортшы жарақатынан кейін оралғанын хабарлады
Фото: әлеуметтік желіден

Команда аккаунтында Шавкаттың UFC-дегі мансабының үздік сәттерінен құралған видео жарияланды.

 Ролик сипаттамасында спортшының жанкүйерлері үшін маңызды хабарлама пайда болды.

"Шавкат Рахмонов қайтадан жаттығу залында!" - делінген мәлімдемеде.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов биылғы жылдың басында UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші сатыда тұрған болатын.