Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Реал Мадридке» қарсы құпия жоспарымыз бар – «Қайрат» бапкері

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында 30 қыркүйек күні Орталық стадионда «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтеді.

«Реал Мадридке» қарсы құпия жоспарымыз бар – «Қайрат» бапкері
Фото: Kazinform

«Реал Мадрид» бүгін Алматыға толық құрамда келді. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз командасы үшін бұл ойында тұрақты ойнау маңызды екенін атап өтті.

— «Реал Мадрид» секілді клубта кемшіліктер аз. Бірақ олардың ойынын талдай отырып, кей осал тұстарын таптық. Бірақ оны қалай пайдаланамыз — ол бізге сұрақ. Қазір сіздерге оны нақты айта алмаймын, бұл құпия, ертең бәрін өздеріңіз көресіздер. Егер қолымыздан келсе, онда дұрыс пайдаланғанымыз. Бірақ қарсылас — мықты команда, біз мұны жақсы түсінеміз және қиын болатынын білеміз. Дегенмен, көріп-білгенімізді қолдануға тырысамыз, — деді ол.

Сондай-ақ Рафаэль Уразбахтин алдағы ойында жанкүйерлердің жалынды қолдауын күтетінін айтты.

— Барлық жақсы нәтижелеріміз — біздің жанкүйерлерге де байланысты. Олар бізге ел біріншілігінде және Чемпиондар лигасында өткен матчтарда көп көмектесті, біз мұны жақсы түсінеміз. Ертең де қолдау күтеміз, — деді бапкер. 

«Қайрат» қорғаушысы Егор Сорокин командалық жұмыс пен тәртіптің арқасында нәтижеге қол жеткізуге болатынын айтты. — Себебі тәртіп — шеберлікті жеңеді. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаланамыз. Сонымен қатар біздің қару стандартты жағдайлар болады. Сол әрекеттердің арқасында оң нәтижеге қол жеткізе аламыз және сол үшін бар күшімізді саламыз, — деп ойыншы.