Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

25-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің алтыншы кезеңі аяқталды. Таңертең 7 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласына келіп тоқтады.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы-2025» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
Фото: Joryq ат спорты

500 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды.

Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысының бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі Алтыншы кезең 500 шақырым нәтижесі: 

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрады және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтыды.

Бүгін Арқалық қаласында Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай сыйлықпен Ұлы дала жорығының арнайы кубогы табысталды . 

Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі

Жобаның басты серіктесі: «Sport Qory» спортты дамыту қоры, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы,

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасаған Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.