Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстандық ауыр атлет үш әлем рекордын жаңартты

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Әлихан Әскербай үш әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстандық ауыр атлет үш әлем рекордын жаңартты
Фото: ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет қоссайыстың қорытындысы бойынша 310 (141+169) келі көтеріп, жасөспірімдер арасындағы жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол 3 әлем рекордын және 3 Азия рекордын жаңартты.

Әлихан Әскербай жастар арасындағы турнирге де қатысып көрді. Ол жерде қола медаль еншіледі.

Бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетері, Азия чемпионаты 10 шілдеге дейін жалғасады. Оған Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және өзге де Азияның 25 мемлекетінен 300-ден астам спортшы келді. Жарыстар "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтіп жатыр.