Кәсіпқой және әуесқой бокста жарқ еткен қос саңлақ – Серік Сәпиев пен Баходир Джалолов суретке бірге түсіп, жанкүйерлерін қуантты. Бұл жайлы Сәпиев өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Paryz.kz Penalty.kz-ке сілтеме жасап.
"Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалолов", – деп жазды Серік Сәпиев сурет сипаттамасына.
Суреттен қос елдің спорт жұлдыздары Дубайда кездесіп, бір-біріне құрмет білдіріп жатқаны байқалады.
Қазір Сәпиев Қазақстандағы спорт саласының беделді тұлғасы, ал Джалолов бокстағы жеңісті жолын жалғастырып келе жатқан Өзбекстан мақтанышы.
Осыған дейін Өзбекстан бокс федерациясының президенті Миршохид Тиллабоев та қазақстандық бокс басшыларымен түскен суретін жариялап, оған:
"Бокстағы мәңгілік отбасы", – деп жүрек тебірентерлік жазба қалдырған болатын.