Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова отбасындағы қуанышты жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесінің інісі әке атанып, дүниеге ұл келді, деп хабарлайды Paryz.kz.
"Сүйінші! Мамам немерелі болды. Бадыков ӘмірАли өмірге келді! Аман-есен болсын! Дені сау болсын! Өмірің мәнді-сәнді болсын! Бай қуатты бол! Арлы бол! Намысты бол! Есімі Байкен болса деп едім, артымнан бір бай ерісін деп, үйде бір ришат қыз осы есімді қойды. Еее жарайды дедік", - деп жазды өнер иесі.