Прямая трансляция

Астана

Астана

28°C

«Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Сәдуақасова сәбиінен айырылған ауыр кезеңін еске алды

Танымал қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі туралы айтып, жүктілігінен айырылып қалғанын еске алды. Бұл туралы ол журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Сәдуақасова сәбиінен айырылған ауыр кезеңін еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Актрисаның айтуынша, ол сәуір айында жүкті екенін білген. Алайда екінші скрининг кезінде дәрігерлер іштегі сәбиде көптеген ақау анықталғанын айтып, жүктілікті тоқтатуға кеңес берген.

"Сәуір айында жүкті екенімді білдім. Екінші скринингте дәрігерлер маған ақаулар көп екенін, жүктілікті үзуге тура келетінін айтты. Өзімді қатты кінәладым. Бір нәрсені дұрыс істемедім бе немесе қателік жібердім бе деп ойладым. Сол сәтте "Осындай күйеуім барына шүкір" дедім. Тіпті менен ажырасып кетеді деп қорықтым. Кейін оның да сондай қорқынышы болғанын білдім", – деді Әсел Сәдуақасова.