Прямая трансляция

Астана

Астана

33.68°C

«Бұл - менің кәсібім»: Жұлдыз Әбдікәрімова Азамат Сатыбалдымен түскен суретіне қатысты сынға үн қатты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосуреттерінен кейін айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Бұл - менің кәсібім»: Жұлдыз Әбдікәрімова Азамат Сатыбалдымен түскен суретіне қатысты сынға үн қатты
Фото: әлеуметтік желіден

Актрисаның айтуынша, кейбір желі қолданушылары оның отбасылы әйел екенін алға тартып, өзге ер адаммен бірге фотосессия жасап, сахнаға шығуын сынға алған.

«Бұл – менің мамандығым! Мәселен, сіз дәрігерсіз. Хирург. Сонда алдыңызға жаны қиналып, ота жасауға келген науқасқа: "Кешіріңіз, мен тұрмыстағы адаммын, күйеуім (әйелім) бар. Өзге еркекке (әйелге) ота жасамаймын" дейсіз бе?» – деп жазды ол.

Осылайша актриса актерлік қызметті кез келген мамандық сияқты кәсіби жұмыс екенін айтып, сахнадағы серіктесімен өнер көрсету жеке өмірмен шатастырылмауы керектігін меңзеді. Сонымен қатар Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде тараған түрлі болжамдарға қатысты пікір білдіріп, бұқаралық ақпарат құралдары мен пабликтерге үндеу жасады.

«Рейтинг қуамын деп, отбасыма, жеке басыма қатысты жалған ақпарат таратып, сотта кездесіп жүрмейік», – деп ескертті актриса.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова актер Азамат Сатыбалдымен бірге түскен фотосессиясын жариялаған болатын. Аталған суреттер жаңа «Сен және мен» драмасының премьерасына арналған.