Қазақстандық режиссер Парасат Ибраев Таиландта жоғалып кетті делінген рэпер Кисло-Сладкий (шын есімі – Дархан Жұмабек) аман-есен табылғанын және оның жағдайы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.
"Дархан аман-есен табылды! Осы күндері алаңдап, іздеп, ақпарат таратып, қолдау көрсеткен барша жанға алғысымыз шексіз", - делінген жазбада.
Telegram-дағы SHOT арнасының хабарлауынша, әртіс Пхукеттегі ауруханалардың бірінен табылған. Отбасының айтуынша, ол ешқандай ауыр жарақат алмаған.