Бүркіт лақап атымен танылған әнші Айбек Жансейітов әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазды paryz.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасында отбасындағы қуанышты сәттен видео жариялап, ағасы үйленгенін айтты.
«Көптен күткен қуаныш! Жеңгелі болып жатырмыз, Алланың қалауымен», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің отбасын қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.