Прямая трансляция

Астана

Астана

19.9°C

Димаш Құдайберген Ақтөбенің орталық стадионында бейнебаян түсіріп жатыр

Орталық стадионға жастар, жанкүйерлер жиналды. 12 800 орындық стадион «Ақерке» әнін орындады, деп хабарлайды paryz.kz.

Димаш Құдайберген Ақтөбенің орталық стадионында бейнебаян түсіріп жатыр
Kazinform

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға жоғары оқу орындарының студенттері, оқушылар мен жанкүйерлер жиналып жатыр. Адамдар түстен бастап келіп, алдын ала орын алды. Қандай да іріктеу, шектеу болмай, алаңға келуге мүмкіндік жасалды. Димаш Құдайберген Орталық стадионда халық әні «Ақеркені» орындады. Ол алдымен ақтөбеліктерге алғысын айтып, үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

 - Жастар жиналыпты. Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Мен осы сәтті асыға күттім. Сіздер менің әрдайым жүрегімдесіңдер. Туған жерге, кіндік қанымыз тамған жерге келіп, сіздердің жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Сағындым. Ақтөбеміз үшін, Қазақстанымыз үшін ерекше, бүкіл әлем алдында ұялмай көресететін клип болып шығады деген үміттемін,- деді әнші Димаш Құдайберген.