Прямая трансляция

Астана

Астана

17.6°C

«Аттарын атап жазайын ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы қарызын қайтармай жүргендерді ескертті

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қарыз алып, ұзақ уақыт бойы қайтармай жүрген адамдар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Аттарын атап жазайын ба?»: Ләйлә Сұлтанқызы қарызын қайтармай жүргендерді ескертті
Фото: әлеуметтік желіден

Ол өз жазбасында қарызды уақытында қайтармау мәдениетінің қалыптасып бара жатқанына алаңдаушылық білдірген.

«Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары жүргізушінің пікірін қолдап, қарызды уақытында қайтару мәселесі қоғамда жиі кездесетінін атап өтті. Кейбір оқырмандар мұндай жағдайға өздерінің де тап болғанын айтып, пікір қалдырған.