Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Оқу жылын аяқтай алмадым": Танымал директор шұғыл ауруханаға түсті

Оқу жылының соңына жете алмай сырқаттанып қалған Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтып, дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Оқу жылын аяқтай алмадым": Танымал директор шұғыл ауруханаға түсті
Коллаж: ozgeris.info

Ол денсаулықты кейінге ысыруға болмайтынын атап өтіп, көпшілікті өзіне көбірек көңіл бөлуге шақырды. 

«Директор болғаныма 3 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өзімді кейінге ысырып, дәрігерге қаралуға уақыт таппадым. Үнемі жұмысты, уақытты сылтау еттім… Бірақ денсаулық күтпейді екен. Сондықтан, өздеріңізді күтіңіздерші. Денсаулық — бәрінен қымбат», — деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.