Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Ақордада өткен салтанатты рәсімде ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы өнер иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
Әншінің айтуынша, бұл оның Ақордаға алғаш рет келуі. Сонымен қатар, ол соңғы 25 жыл ішінде мемлекет тарапынан алғаш рет марапат алып отырғанын жеткізді.
Салтанатты рәсімнен кейін Мақпал Жүнісова Президентке өзінің әндері жазылған үнтаспа жинағын сыйға тартты. Өнер иесі мұны өткен күндердің естелігі әрі ықыласының белгісі ретінде ұсынған.
Әншінің шынайы қуанышы мен қарапайым болмысы әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.