Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

"Баласыз өміріміз жақсы дейді": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы айтты

Әнші Айгүл Иманбаева екінші некесінде балалы болу жоспарында бар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Баласыз өміріміз жақсы дейді": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы айтты
Фото: видиодан скриншот

Аман Тасыған сұхбат барысында Баян Мақсатқызының суррогат ананың көмегімен балалы болғанын тілге тиек еткен.

"Баян маған "әлі жүрсің бе", деп ұрысады. Менде жоспар бар. Енді күйеуімнің менталитеті, көзқарасы мүлдем басқа. Ол үшін екеуміз бірге болсақ болды. Үйленген соң "бала, бала" деп жанталасып жүрген ол жоқ. "Бала болса, қуанамын. Болмаса, екеуміздің өміріміз баласыз да әдемі, жақсы ғой", дейді. Бәрі Жарақтанның қолында. Беріп жатса, ол да, мен де қуанатынымыз анық. Егер болмаса, біздің кейбір жігіттеріміз сияқты байбаламға салмайтыны анық", - деп жауап берді Айгүл Иманбаева.