Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

«Балаларымен араласпай, соттасып жүр»: Тамара Асардың күйеуінің үшінші әйелі күтпеген жазба жариялады

Әнші Тамара Асардың жұбайы Бекмырза Жұмаш Айтжанұлының бұрынғы әйелі әлеуметтік желідегі жазбасында отбасылық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Балаларымен араласпай, соттасып жүр»: Тамара Асардың күйеуінің үшінші әйелі күтпеген жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Ол кейбір әкелердің өз балаларына жауапкершілікпен қарап жатқанын мысал етіп, өз жағдайын да атап өткен.

«Бір әке бірінші некеден туған балаларына қамқор болып, қызметкерлеріне дейін пәтер сыйлап жатса, енді бір әке кәмелетке толмаған балаларының оқу ақысын төлеуден бас тартып, табысын жасырып, соттасып жүр», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол «Завод Астық» кәсіпорнының құрылу кезеңіне тоқталып, оны бұрынғы некемен байланыстырды.

«Бұл зауыт 2012 жылы іргетасы қаланып, 2014 жылы іске қосылды. Менің некемде ол осы бизнесті құрды, марқұм некесіз туған ұлына өз тегін берді, мен оны 11 жастан 18 жасқа дейін тәрбиеледім, екінші некесінен туған үлкен қызын қамтамасыз етті. Кейін сегіз жылдан соң ол басқа әйелге кетіп, бизнесті өзімен бірге алып кетті. Ал қазір ол аты-жөнін өзгертіп, біздің ортақ балаларымызбен мүлде араласпайды», – деді ол.

Бұдан бөлек, ол бұрынғы жұбайының балаларға материалдық қолдау көрсетпейтінін де алға тартты.

«Ол ажырасуға өзі берді. Мені табыссыз қалдырып, тек алиментпен шектеді. Бұл қаражат балалардың білім алуына жетпейді. Ал өзі қымбат көлік мініп, шетелге шығып, мейрамханаларда жүреді», – деп жазды Эльвира Жүсіпбекова.