Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді

Әнші Айгүл Иманбаева Аман Тасығанға берген сұхбатында біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Ұлымның қуығына ине тыққан": Айгүл Иманбаева сұмдық жайтты айтып берді
Фото: видиодан скриншот

Оның айтуынша, белгісіз біреулер өздерін дуаламақшы болған.

"Кафедегі әйелдердің дәретханасында кішкентай есік бар. Сол кішкентай есік өзімен өзі ашылып кете береді. Соны жауып тастауды өтіндім. Ішінде қоқыс жоқ па екен деп жарық жағып қарағанымда, бума-бума қағаз таптым. Алып қарасам ұлым екеуміздің суретіміз. Барлық жерімізге ине қадалған. Асқазан, жүрек, қуық жақтың барлығына ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен ондайды тек кинодан көргенмін. Сосын іздей бастадық. Айнаның артынан, канализацияның трубасынан барлық жерден 300-ге жуық сурет таптық. Содан жұмыстан кейін іздеуді әдетке айналдырдық. Ине, түйреуіш, топырақ, қасық, қан, шаш түрлі нәрсе таптық. Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік", - деді Айгүл Иманбаева.

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.