Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Ол Қазақстанның халық әртістері Майра Ілиясова мен Майра Мұхамедқызымен түскен суретін бөлісіп, әзіл аралас тілегін жеткізген, деп хабарлайды Paryz.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.
«Екі Майраның, екі халық әртісінің ортасында тұрып тілек тіледім. Енді ұл тусам ба деп ойлап тұрмын?!», - деп жазды продюсер.
Сондай-ақ жазбада өнер иелерінің көп жылдан бергі достығы да көрініс тапқан. Фото авторы: «Ескі достар мен ескі кітаптардан асқан не бар? Сіздерді көргеніме қуаныштымын, Баян мен Майра апай» деп жылы лебізін білдірген.
Желі қолданушылары Баян Алагөзованың жазбасын жылы қабылдап, оған ақ тілектерін жаудырды. Көпшілік продюсердің әзілмен айтқан арманы орындалсын деген пікір қалдырған.