Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Кейде қорқынышты, үрей салады": Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікті алаңдатып қойды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қоғамдағы ақпараттың әсері мен бейбіт өмірдің маңызы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

"Кейде қорқынышты, үрей салады": Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікті алаңдатып қойды
Фото: әлеуметтік желіден

Ол бүгінгі заманда бір ғана сөздің немесе жазбаның үлкен аудиторияға әсер ететінін атап өтті.

«Маған кейде қорқынышты… Бір адамның сөзі – миллион адамның жүрегіне үрей салатын заманға келдік. Бір пост – бүкіл әлемді дүрліктіре алады. Бүгін “соғыс болады”, ертең “әлем құриды” деген сөздер желдей еседі. Бірақ біз ұмытып барамыз:әлемді сөз емес, адамдардың әрекеті өзгертеді», деді ол.

Сонымен қатар тележүргізуші ана ретінде өз тілегін де жеткізді.

«Біз – өркениетті бейбіт әлемнің бір бөлшегіміз. Ана ретінде мен бір ғана нәрсені қалаймын, балаларымыздың санасында бейбіт әлем, сенім мен бақыт бұзылмасын», - деп түйіндеді Сұлтанқызы.