Танымал әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім барысынан бейнежазба жариялап, белгілі актер Берік Айтжановпен көзге түсті, деп хабарлайды Paryz.kz Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса жақында жаңа кинода бой көрсететінін айтты.
"Жүрекпен жасаған әр іс жарыққа айналады. Сол жарықтағы әрбір жылы минуттарыңды, сәттеріңді құшақтағым келеді, өмір", – деп жазды ол.
Көпшілік актрисаның сұлулығына тәнті болса, енді бірі Берік Айтжанов секілді сымбатты әрі денелі еркектің лайық екенін жазды.
"Керемет актерлік құрам", "Сүлейман сұлтанның қасында тұр ма деп ойлап қалдым", "Осы қыз әркіммен жабысады да жүреді екен", "Екеуі бір-бірінен ыңғайсызданып тұр ғой", "Шетелдің актерлары мен актрисалары жолда қалады", "Былай қарасаң күшті жарасады екен", "Сенің қасыңда осындай еркек болса әдемі екен. Дәурен сияқты тырық емес", –деп пікір қалдырды желі қолданушылары.