Прямой эфир
Астана
25.77°C
Танымал әзілкеш әрі актер Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман продюсер Мөлдір Мұқанның жаңа жобасын қатты сынады, деп хабарлайды paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«Мөлдір Мұқанның подкастын қарап шықтым. Содан кейін оның түсірген фильмін көрдім. Подкастта айтқан кемшіліктерінің барлығы сол киноның ішінде тұр екен. Ең бірінші байқалған нәрсе – актерлік құрамның әлсіздігі. Көзге таныс емес, тәжірибесі аз адамдар көп. Әрине, Мөлдірдің жақындары шығар, білмеймін. Тек Ақерке Арыс ғана рөлін сүйреп шыққан, күлкілі сценаларды сол алып тұр. Ал жалпы юмор да, сатира да жоқ. Блогерлердің басын қосқандай әсер қалдырды. Миллиард жинайтын деңгейдегі фильм деп айту қиын. Тағы бір үлкен минус – костюмердің жұмысы. Мұндай киімдер 10 жыл бұрынғы отандық киноларда болған. Қазіргі заманға үйлеспейді. Дубляж да құлаққа жайсыз. Әрине, продюсер, оператор, режиссер еңбектенген, бірақ фильм бәсекеге қабілетті емес. Әр нәрсенің өз бағасы бар ғой. Келіспесеңіздер де, бұл – менің ойым», – деп жазды ол.