Прямой эфир
Астана
25.77°C
Заңсыз лоторея ойнатып, 162 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқан Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы жазаланбайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл деректі редакция сауалына жауап берген Қаржылық мониторинг агенттігі растады.
Әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова Қылмыстық кодекстің 214-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес «заңсыз бизнеспен айналысу» фактісі бойынша тергелген.
«Аталған қылмыстық іс ҚК –тің 35-бабы 1-бөлігі 3- тармағына сәйкес амнистия актісіне байланысты Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ақтамайтын негіздер бойынша істі тоқтатты хабарлайды», - деді агенттік ресми жауабында.
Осылайша миллиондаған ақшаны қалтаға басқан Абай Бегейдің қызы рақымшылыққа ілінді. Ол ешқайдай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.