Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қарақат Әбілдина өзіне зұлымдық жасалғанын айтты

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өзі туралы жасанды интеллект арқылы жасалып жатқан бейнежазбалар жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарақат Әбілдина өзіне зұлымдық жасалғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Бүгінде адамзат ақылды технологияның, соның ішінде жасанды интеллекттің жаңа дәуірінде өмір сүріп жатыр. Иә, заман талабы. Дамыған елдердің бәрі ІТ саласын өркендетіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып жатыр.

Бірақ... Тәрбиесіз қолданылған білімнің салдары қандай екенін өз көзімізбен көріп отырмыз. Соңғы күндері біздің атымызға қатысты жасанды интеллектпен жасалған жалған видеолар жарық көрді. Көрген жанның төбе шашы тік тұрады.

Адамды «өлтіріп», «түрмеге отырғызып», «арам қатынастарға түсті» деген бейнежазбалар санаулы сағаттың ішінде мыңдаған адамға тарап кетті. Бұл не? Хайп па, зұлымдық па, әлде технологияны дұрыс қолданбаудың салдары ма? Білім бар, құрал бар. Бірақ тәрбие жоқ. Жасанды интеллекттің мүмкіндігін адамды қаралау, жала жабу, ар-намысына тию, өз мүддесі үшін қолдану тек қана бір адамға емес, тұтас қоғамға қауіп.

Тәрбиесіз берілген білім қаруға айналады. Және ол қару кез келгенімізге бағытталуы мүмкін. Мұндай жалған контенттерге мемлекет тарапынан құқықтық тосқауыл қойылуы керек! Бұл постым жай ғана эмоция емес, адамдық құқықты, отбасылық абыройды қорғау.

Сол үшін, технологиямен бірге тәрбие де қатар жүруі керек екенін естен шығармайық. Ал сіз осындай видеоларды көрсеңіз, қайсы жасанды, қайсы шынайы екенін ажырата аласыз ба?», - деп жазды ол.