Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, Қайрат Нұртастың алдағы концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
 
                        Желі қолданушыларының бірі актрисадан «Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?» деп сұраған.
Бұған Жұлдыз Әбдікәрімова әзіл-шыны аралас жауап беріп, концерттің дайындығына өзі де белсенді қатысып жүргенін жеткізді.
«Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар», – деді ол.
Сондай-ақ актриса концерттің бұрынғыдан ерекше форматта өтетінін айтып, дайындығынан бейнежазба да бөлісті.
«Бұл жолғы концерттің ауқымы бұрынғысынан өзгеше. Сахнада сіздер күтпеген сәттер болады. Ертең келіп, өз көздеріңізбен көріңіздер», – деп жазды ол.
 
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    