Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлынан жүрекке тиетін сөз естігенін айтты

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ер жетіп қалған ұлдарымен не жайында сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлынан жүрекке тиетін сөз естігенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

«Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта пікірлестім. Тым жекеге бармаймын — ұялам ба, әлде «өздері біледі ғой» деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік, тұрақтылық жайлы жиі айтамын — бұл мен үшін ең маңыздысы», - дейді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы кейде ұлдары ұрысып қалатынын да жасырмады. «Ондайда эмоцияға берілмей, отырғызып сөйлесемін, түсіндіремін, кешірім сұратып, татуластырамын. Үлкеніне көбірек сенім артамын: үйдің шаруасын, інісінің ортасын, ұсақ-түйек жөндеу, бақылау – бәрін соған тапсырамын. «Әкесінің орнында сезінсін» деймін. 25-ке дейін үйленемін деп отыр», - деп толықтырды ол. 

Журналист туыстық байланысқа да мән беретінін, кейбірін танымаса да үлкендер, ата-бабасы, туыстары ұмытылмасын деп чатқа суреттері мен видеоларын жиі жіберетінін атап өтті. 

«Жақында үлкен ұлым «махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз» деді. Күлкілі де, жүрекке де тиетін сөз болды. Махаббат туралы жиі сөйлесеміз — бәлкім жастық әсері шығар, бірақ ересек адамдай әңгіме айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік туралы әңгімелесемін. Ал махаббат — сол әңгіменің ең жылы бөлігі», - деп түйіндеді Ләйлә Сұлтанқызы.