Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақбота-Нұр Дәурен Айдарқұловтың үшінші рет үйленуі туралы айтты

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр экс-күйеуі Дәурен Айдарқұловтың жаңадан отбасын құрғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақбота-Нұр Дәурен Айдарқұловтың үшінші рет үйленуі туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші бұрынғы күйеуінің «Мен үйлендім, Аллаға шүкір» деп жариялаған жазбасына пікірін қалдырған.

«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын», деп жазды ол. 

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбеттің тұңғышы 2017 жылы өмірге келді. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасты. Бұл актердің екінші некесі болатын. Айдарқұловтың бірінші отбасынан - үш, екінші некесінен - екі баласы бар.