Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«16 жыл бірге болдық»: Дариға Бадықова күйеуімен ажырасып кетті

Танымал актриса Дариға Бадықованың жары, актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«16 жыл бірге болдық»: Дариға Бадықова күйеуімен ажырасып кетті
фото: видеодан скриншот

Өнер иесі жеке өміріне қатысты жүрекжарды жазбасын бөлісіп, жан сырын ақтарды. Оның бұл қадамы оқырмандарын бей-жай қалдырмады.

 “Құрметті, ағайын! Елдің аузында жүрген сұрақтың сауалына бүгін жауап беремін деп шештім. 2008 жылдың 11-тамызында Дариға Бадықовамен заңды некеге тұрдық. 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде отбасылы өмір сүрдік. 2024 жылдың күз айында заңды некені бұзу туралы өтініш жазып, ажырасып кеттік. Бүгінгі таңда мені Дариға Бадықовамен өмірде де, өнерде де ештеңе байланыстырмайды”, – деп жазды актер.