Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Қартаю ойыңызда жоқ па?»: 50 жастағы Сәкен Майғазиев ширақ қимылымен елді тәнті етті

Қазақ эстрадасының сал серісі Сәкен Майғазиев тағы да елді тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қартаю ойыңызда жоқ па?»: 50 жастағы Сәкен Майғазиев ширақ қимылымен елді тәнті етті
фото: видеодан скриншот

50 жастан асса да, әншінің спорттағы белсенділігі жас жігіттерден еш қалыспайды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Майғазиевтің жүгіріп, секіріп, түрлі жаттығуларды еркін орындап жүргені байқалады. Көрген жұрт таңданысын жасыра алмай:

“Мынандай күш жастарда да жоқ қой”, “Қартаймайды осы кісі”, “Жас жігіттей ширақ”, “Баян ханыммен бір сорт екен” – деп пікір қалдырды.

Көпшілік Сәкеннің тек сахнада ғана емес, спортта да мықтылығын атап, “шын мәнінде нағыз үлгі” деп бағалап жатыр.