Әнші Қайрат Нұртас бесінші рет әке атануы туралы пікір білдірді, деп жазады paryz.kz.
Желіде тараған видеода әнші концерттірдің бірінде ата-анасының қадірін балалы болғалы ерекше түсініп жүргенін жасырмады.
"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін", - деді Қайрат Нұртас.