Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Әркім өзі біледі!»: Алтынай Жорабаева ашулы жазба жариялады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева көпшілікке реніші барын жасырмады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әркім өзі біледі!»: Алтынай Жорабаева ашулы жазба жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға ескерту жасады.

"Ұл-қыз өсіріп отырып, неге біреудің өмірін талқылайды екен, көп жандар? Үйтпе, бүйтпе деп айтады. Негізі, не салғысы келетінін әркім өзі біледі деп ойлаймын. Қалай өмір сүргісі келеді? Не айтқысы келеді? Өз стандартыңызбен талап етпеңіз! Әр адам өзінің қалауымен, тәрбиесімен өмір сүреді. Себебі сіз қаншалықты мінсізсіз?! Айналаңызға, отбасыңызға, туған-туысыңызға зер салып қойыңызшы", – деп жазды әнші. Еске салайық, эстрада жұлдызы оқырмандарының сөзіне қарамастан, күйеуін жиі еркелеткенін айтқан еді.